Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны 4 жылдың ішінде 215 келі салмақ тастап, үлкен қашықтыққа жүгіруді әдетке айналдырған. Оның мұндай қадамға баруына «өліп қаламын» деген қорқынышы себеп болыпты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

2015 жылы Карлос Оросконың салмағы 295 келі болған. Ол осы жылы дәрігерлерге жүгініп, жағдайының нашарлағанын айтыпты. 39 жастағы ер адам буынның ұстамалы ауруы, қан қысымының жоғарылауы, аяғындағы жаралар мен целлюлиттен зардап шеккен. Дәрігерлер оған ішімдік ішуін және зиянды тағамдарды көптеп жеуін тоқтатпаса, 40 жасқа жетпей өліп кетуі мүмкін екенін айтыпты. 

Мұнан кейін Ороско артық салмақтан арылу үшін ота жасатқысы келген. Алайда дәрігерлер оған бірінші кезекте өздігінен арықтауға тырысып, өмір салтын өзгертуге кеңес беріпті.

«Клиникадан шығып, көлігімнің капотына отырып, еңіреп жылап жібердім. Көпке дейін тыныштала алмадым. Сол кезде алғаш рет өліп қаламын ба деп қорықтым. Оған қоса әпкем босануы керек еді. Оның баласының өскенін көре алмаймын ба деп уайымдадым», - дейді ол.

Мұнан кейінгі бір жарым жыл ішінде Ороско өздігінен 45 келіге арықтаған. Ол фастфуд, қуырылған тағам, ұн өнімдері, газды сусындар мен ішімдіктерден толықтай бас тартып, көп серуендеген. 

2016 жылдың желтоқсан айында ер адамға ота жасалып, мұнан кейін диетасын жалғастырып, белсенді түрде жаттыға бастайды. 2017 жылы ол алғаш рет 5 шақырым қашықтыққа жүгіруге қатысып, осылайша, жүгіруге деген құштарлығы оянған. 

Жарыстардағы көпшіліктің қолдауы мені жігерлендірді», - дейді Ороско.
Содан бері америкалық азамат жүгіруден 32 жарысқа қатысқан. Ол 2019 жылдың 20 қазанында Детройттағы өзінің алғашқы марафонында болып қайтты.

Қазіргі уақытта ер адамның салмағы – 80 келі. Егер жақындарым қолдамағанда, мұндай жетістікке жете алмайтын едім, дейді ол.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтанда автобус жүргізушісі аязды күні 17 жастағы мүгедек баланы көліктен түсіріп тастады

Баланың әпкесі: Қалада қазір 30 градустық аяз

"Аялдамада тұрудан қоқып қалдық": Қызылордада болған жол апатының куәгерлері анықталды

Үш адам опат болған, оған қоса жарақаттанған басқа да азаматтар бар

Шендінің пара алып жатқаны видеоға түсіп қалды

Оқиға Жамбыл облысында болған

"Әлем көрген кеудеңді, әлдилеген сәбиге емізбексің бе ұялмай": Журналист Динагүл Тасоваға өлең арнады

Көпжасарұлы: Бір еркекпен жаттым деп, не әңгіме есірген

Түркістанда өз үйін сатып, Сирияға қашып кетпекші болған ер азамат ұсталды

Ол қаланың ортасында велосипедпен кетіп бара жатқанда қолға түскен

Оралда мәйітхана қызметкерлері 10 жастағы қыздың денесін өзге адамдарға беріп жіберген

Мәйітті алғандар сөмкені ашпағандықтан басқа қыз екенін білмепті

Соңғы уақытта парадан бас тартқан: БҚО-да шенеунік әйелді жасырын түрде видеоға түсірген

Парадан бас тартып, жазадан құтылды

Министр Абаев: Мен өзім қайтыс болған соң дене мүшемді алуға келісім беремін

Абаев: Ешқандай дінде донорлыққа тыйым салынбаған

"Басқа әкімнің керегі жоқ": СҚО-ның ауыл тұрғындары басы дауға қалған ауыл әкімннің қызметіне қайта оралуын талап етті

Ауыл тұрғындары әкімге сөз жуытпады

Алматыда ата-анасы қайтыс болған соң балалар үйіне түскен бүлдіршін жоғалып кетті

Бала 4 күннен бері іздеуде
Çàãðóçêà...