Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлді деген адамның денесін өртеу кезінде тіріліп кеткен (фото)

Үндістандықты улы жылан шаққаннан кейін көпшілік өлді деп түсінген. Араға бірнеше күн салып уланған адамның денесін өртеп жатқан кезде ол тіріліп кеткен. 23 жастағы жігітті Үндістанның  Мадхья-Прадеш штатына қарасты орманда жылан шаққан болатын.

денесі1

Бұл туралы nz1.ru сайты жазған.

Оның туыстары жан-жануарлардың уынан, ауылдықтарға тиген кез-келген дертке ем оқитын молдадан көмек сұраған. Жігітке ол кісінің емі болмаса керек, араға бірнеше күн салып оны барлығы өлгендер қатарына қосты.

денесі

Сандипаның денесі орталық жерлеу рәсімі өтетін жерге жеткізіліп, өртейтін от та жағылған еді. Жанған оттың үстіне жігіттің денесі қойылған кезде қара жамылған жұрт оның жан даусы шығып айқайлағанын естіген. Жиналғандар бірден оның денесін оттан алып түседі. Жұрт оны қайтадан емшіге алып барғанымен одан тағы көмек болмаған. Қазір Сандиптің денесі аудандық ауруханаға жеткізілген. Онда мамандар зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Жігіттің тірі не өлі екені әлі түсініксіз. Оныңәйелі мен баласы үміттерін үйзбей, қайтып келеді деп күтіп отырған көрінеді.

 

 

Талқылау