"Олардың қайсы хайуан?": Қарағандыда зообақтағы арыстандарға тас лақтырған жігіттер жұртты ашуландырды (видео) 

Қарағандыдағы хайуанаттар бағында екі келуші тордағы арыстандарға тас лақтырған. Оқиға 2 маусымда орын алыпты. Бұзақылар өздерін дөрекі ұстап, өзгелердің ескертуіне мән бермеген. Олардың әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Теміртау қаласының тұрғыны Анатолий Хайрутдинов жастардың хайуанаттар бағындағы арыстандарға тас лақтырып жатқанына куә болған. Ол бұзақыларды тоқтатпақ болып, тіпті, күзетшілердің көмегіне жүгінген. Алайда сәтсіз болыпты. Сол кезде ол болған оқиғаны видеоға түсіріп алып, желіде жариялап жіберген. 

«Бастапқыда олар тамақ, алма лақтырып жатқан болар деп ойладық. Артынша жануарларға тас лақтырып жатқанын түсіндік. Сонымен қатар жігіттер арыстанды ашуландырды. ... Жігіттер торға саусағын тығып, айқайлады. Оларды тоқтатпақ болғанымызда, бізді балағаттап, әрекеттерін жалғастырды», - дейді видео авторы. 

Өз кезегінде желі қолданушылары жігіттердің әрекетіне ашуланып, оларды сөге жөнелді. 

«Олардың қайсы хайуан? Қайсы торда отыруы тиіс? Жабайылар», «Мұндай жастарды көріп өзің ұялады екенсің», «Тәрбие қайда?» - деп жазды олар. 

Ал хайуанаттар бағының әкімшілігіндер бейнебақылау камераларындағы жазбаны тексеріп, расымен де мұндай оқиғаның болғанына көз жеткізенін айтты. 

«2 маусым күні сағат 18:48 шамасында екі жас жігіттің шарбақтан секіріп, арыстандарға тас лақтыра бастағаны белгілі болды. Осы азаматтарды жауапкершілікке тарту үшін облыстық полиция департаментінің көмегіне жүгіндік. Сондай-ақ, сол күні хайуанаттар бағында кезекші болып, видеоны көрсеткен адамның сөзіне құлақ аспаған кезекші күзетшілер де тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - дейді зообақ әкімшілігінің өкілі. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз
Çàãðóçêà...