Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ол туралы шетелдік БАҚ жарыса жазған еді: Алматылық рэпер әжей көз жұмды

Алматылық рэпер әжей Мариям Амраева көз жұмды. Бұл туралы желіде немересі хабарлады. 

Әжейдің немересі Дильшод Ибрагимов Instagram парақшасында қаралы хабар жайлы айтты. 

"Әже, мен сені жақсы көремін", - деп жазды немересі.

Немересі әжесімен бірге видео түсіріп, желіге жариялаған тұста қария 78 жаста еді. Рэп оқыған әжей бірден ғаламтордың жұлдызына айналып кетті. Кішігірім дуэт туралы шетелдік БАҚ-тың өзі жарыса жазған болатын. Оның ішінде BBC News те бар.

Видеодан немересі әжесіне сұрақ қояды. Әжесі рэп түрінде жауап береді. Осылайша немересі желіде 65 мың оқырман жинап үлгерді. Желідегі қолданушылар қаралы хабарды естіп, көңіл айтып жатыр. 

"Әжеме алғаш рет айтқан кезде бірден келісті. Достарыма көрсеткенде таңқалысып жатты. Әжең рэпты жақсы айтады екен, түсіре бер деді. Апам өмірде тура вайнда сияқты көңілді адам", - дейді Дильшот Ибрагимов.

 

Бос уақытта вайн түсірумен айналысқан әжей желі қолданушыларының күлкіге қарық қылатын. Желідегі оқырмандары енді жылы естелікпен еске алатындарын білдірді.

Талқылау