"Ол күн туады": Ақбота Керімбекова жетімдер үйінен бала асырап алғысы келеді

Ақбота Керімбекова жетімдер үйінен бала асырап алғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Танымал әнші мүмкіндік болса, жетімдер үйінен бала асырап алуды жөн санайды. Тағдырдың тепкісін көрген балаларға жаны ашитын Ақбота Керімбекова тіпті достарының біреудің баласын бауырына басып, бақытты болып кеткенін алға тартты.

"Бала асырап алған дұрыс деп ойлаймын. Көздерін жәутеңдетіп балалар үйінде жүргізгенше, оданда жағдайы келіп жатса, шамасы жетсе, балалар үйінен асырап алған жөн деп санаймын. Өзімнің де жақын араласатын достарым, бірнеше отбасы асырап алды. Қазір солардың қызығын көріп, бақыттан бастары айналып жүріп жатыр", -дейді Ақбота Керімбекова.

Ақбота Керімбекованың өзі де бала асырап алудан кетәрі емес. Тіпті өнер иесі өз ұлдарына жағдай жасағаннан кейін, бірнеше баланы қанатының астына алатын ойы бар екен. Баланың кінәсі жоқ дейді өнер жұлдызы. 

"Менің де арманым. Бәріміз сол жағдайға қараймыз ғой. Балаларды кішкене жетілдіріп алсам, бірнеше бала асырап алуды армандаймын. Жүрегің ауырады, шыны керек. Алла басқа салмасын", - деп өкініш білдірді өнер иесі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр