Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Уақытымды керексіз пәндерге құртқым келмейді": Министр Тоқаевқа хат жазған оқушыға жауап берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап хат жазған 10 жасар алматылық оқушы Нұрбақыт Ғалымжанға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқушы президентке арнап хат жазды

«Нұрбақыт, мен сенің президентке жазған хатыңды оқыдым. Мемлекет басшысы мемлекеттің қарапайым халықты еститінін жеткізіп, бізге, мемлекеттік қызметкерлердің елде орын алып жатқан сұрақтарға уақытылы жауап беруді тапсырған болатын. Мен сенің ойыңды бағалаймын, десек те мен еліміздегі барлық оқушылар үшін жауап беремін. Біздің міндетіміз – сен сияқты оқушылар келешекте еліміздің дамуына өз үлесін қосады деген ниетпен сендердің білімді болып өсулерінді қамтамасыз ету», - деді министр.

Оқушы өзінің жазған хатында «Өлкетану» және «Жаратылыстану» сынды сабақтардың қызық еместігін айтып, оларды алып тастауды өтінген. Министр бұл пәндердің маңыздылығын ескеріп, оның біреуін білмей басқа сабақтарды оқуға болмайтынын жеткізді. Сонымен қатар, министр мектеп бағдарламасы мен демалыс уақыты бір-бірімен байланыстырылып жасалғандығын айтты. Бұған қоса, шенеунік баланың спортқа деген ынтасын қолдады.

«Қазір сенің қалаңда бірнеше спорт секциялары жұмыс істейді, біз олардың санын бірте-бірте көбейтіп жатырмыз. Сонымен қатар, Алматыда оқушылар сарайы мен оқушылар үйлері бар, алдағы уақытта біз осындай жаңа орындар салуды жоспарлап отырмыз. Айта кетерлік, сен сияқты балалар спортпен бірге шығармашылықты да бірге алу үшін біздің тараптан жағдайлар жасалуда», - деді білім және ғылым министрі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматының 4 сынып оқушысы президентке арнап хат жолдаған болатын.

Талқылау