Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушыны басынан ұрған: Мұғалім сот үкімімен келіспеді

Қостанайлық ұстаз оқушыны ұрды деп айыпталған болатын. Мұғалімге оқушылар дәптерін дұрыс толтырылмағандығы ұнамапты, сол үшін ол өзін-өзі ұстай алмай екі қызды басынан ұрып жіберген көрінеді. Ұстаздың бұл қылығын оғаш көріп, оқушы қыздың анасы сотқа жүгініпті. Нәтижесінде, сот оқытушыны кінәлі деген үкім шығарған. Алайда ұстаз өз кінәсін мойындамайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқушыны басынан ұрған; Мұғалім сот үкімімен келіспеді

Бұл оқиға оқу жылы басталғанда орын алған. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы дәптерін дұрыс толтырмағанға ашуланып, екі оқушы қызды соғып жіберген. 

«Жазғы демалыстан соң балалар босаңсып кететіні рас, бірақ қара қою түсті қаламмен дәптерінің сыртын толтырғаны үшін таяқ жеу мүлдем ақылға қонбайды. Дөрекі ұстаз қызымның желкесінен соғып қалған», - дейді оқушы қыздың анасы Владислава Петраш. 

Сөзінше, бұл жағдайды қыздың анасы мектептің ішінде шу шығармай шешкісі келген. Дегенмен мектеп басшылығы бұған бей-жай қараған көрінеді. Кейіннен мектепте ақыры тексеріліс жүргізіліп, мәселе жайлы оқушылардан сұралған. 

Қалалық білім беру басқармасында ұстаздың бұл салада жұмыс істеп жүргеніне 12 жыл болғандығы туралы айтты. Ал оқиға болған мектепте бір жылға жуық сабақ берген. Ұстаздың үстіне бұған дейін ата-аналар тарапынан да, басқа да жұмыстас мұғалімдерден шағым түспеген. Сол себепті мамандар мәселені ушықтырмай шешкілері келгендігін айтты. Олайда іс соттан бірақ шығыпты. 

Сот алқасы ұстазды кінәлі деп танып, оған 25 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Бірақ оқытушы соттың бұл шешіміне келіспей, апелляцияға бермекші. Қазір ол ресми түрде әлі мектепте жұмыс істейді екен. Оқу орны басшылығының айтуынша істің нүктесі қойылмай тұрып, ұстазға қарсы шаралар орындалмайтын көрінеді.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қылмыстық ортада беделді "Жабайы Арман" желіде челлендж бастады (видео)

Флешмобты кейбір танымалдар да қолдаған сияқты

Түркістан облысы мұнай өндірілетін аймаққа айналуы мүмкін

Мұнай қорының табылуы қазақстандықтарды жігерлердірді

Ресейлік браконьерлер қазақстандық инспекторларға тап беріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Оқиға Солтүстік Қазақстанда орын алған

"Түрмеде қатты арықтап кеттік": Нигериялық азаматтар Қазақстан полициясынан 50 мың доллар дауламақ

Олар аппеляциялық сотта ақталып шықты

Алдағы күндері Қазақстанда қатты аяз болады

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің кей өңірінде -33 градус аяз күтіледі

Шымкентте қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Ол адам ағзаларын заңсыз алды деп күдіктелуде

"Қол астындағы қызметкерім үшін кешірім сұраймын": Оралда бойжеткенді қағып кеткен полиция қызметкері жұмыстан босатылды

Алматы облысының тұрғына 79 жастағы туысын гір тасымен ұрып өлтірген

Зейнеткерді өлтіріп, көңнің астына көміп қойыпты

Таразда 12 жасар қыз зорланды: Күдікті бұрын да зорлық жасаған боп шықты

Ол 17 жасында зорлық жасағаны үшін сотталған

Анасы сегіз кішкентай баласын пәтерде бірнеше күнге қалдырып кеткен

Алты айдан сегіз жасқа дейінгі балалар суық үйден табылды
Çàãðóçêà...