Оқушылар қонақ үйде оқыған: БҚО ауыл тұрғындары мектептегі жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғанына шағымданды
Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданында балалар мәдениет үйі мен қонақүйлерде сабақ оқып жүр. Себебі екі жүз жылдық тарихы бар мектепті күрделі жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталмаған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Astana tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Былтыр өңірде күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан 12 мектепте қоңырау соғылмады. Соның бірі – қазақ даласындағы тұңғыш мектеп - Бөкей ордасы ауданындағы Жәңгір хан атындағы білім ордасы. Кірпіші үгітіліп, іргетасы мүжілген ғимарат әлі жөнделіп жатыр.
“Былтыр конкурстық процедуралар басталып, мердігерді анықтау бойынша жергілікті бюджеттен 20 миллион теңге бөлінді. Мердігерді анықтадық. Жұмыстар өте баяу жүргендіктен, осы жылға ауысты. Бөкей Ордасындағы Жәңгір хан мектебі талон бойынша 1-ноябрьде біту керек жұмыстары”, – дейді БҚО білім басқармасының бөлім басшысы Клара Меңдіғалиева.
Мектепсіз қалған балалар аудандық мәдениет үйінің сахнасында сабақ оқуға мәжбүр болды. Тұрғындар бұл мәселені шешу үшін депутаттардан көмек сұрады.
“Ауылымыздағы 200 жылға жуық тарихы бар Жәңгір мектебін күрделі жөндеу жұмыстары 2-3 жылға жалғасуда. Бірнеше мердігер ауысып, мердігерлермен сот процестері әлі жүруде. 500-ге жуық мектептің оқушысын мектепсіз тентіретіп қою кімнің жауапкершілігінде?”, – Бөкей ордасы ауданының тұрғыны Райса Төленғалиева.
- Ақтөбе облысында жасөспірім оқушыны ұрып өлтіргені үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды
- Түркістан облысында оқушыларды видеоға түсіргені үшін жігітті аяусыз ұрып-соққан
- Қарағанды облысында үштік бағамен оқығаны үшін мектептен шығарылып жатқан оқушылардың ата-аналары шу шығарды
Депутаттар мектеп құрылысы мәселесін көтеріп, оны бақылауға алды.
“Балаларды сол Ордадағы қонақүйге жатқызады. Қонақүйде біз еліміздің болашағын тәрбиелеп, соларға білім беруге тырысқан. Міне, сорақылық! Осы нәрсені айттық, мәселе көтерілді. Мектепке аяқтай барамын. Білім басқармасының өкілдерін қасыма ертіп аламын. Тағы да толықтай қарайтын боламыз. Өйткені депутат айтты екен деп, ескерту айтты екен деп, министр тапсырма берді екен деп асығыс жасауға болмайды”, – дейді парламент мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы.
Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, мектепті күрделі жөндеуге 376 млн теңге қарастырылғанымен, ақша түгел бөлінбеген. Бір қызығы қаржы бөлінген соң да, мердігер жұмысын аяқтамаған. Сөйтіп құрылысшылармен соттасып жүргенде даулы мектепті жөндеу ісі бітуге жақындапты.
“Үш этажға көтерілетін баспаны кафельдеу жұмыстары қалып отыр. Сосын 1-қабаттың қабырғаларын сырлау жұмыстары қалып отыр. 2 мен 3 этаж толықтай дайын тұр. Тек тазалық жұмыстары ғана қалып отыр ол жерде. Осы 1-шілдеге дейін негізгі жұмыстарын аяқтағаннан кейін өзіміздің әлі де ескертпелеріміз бар түзеу керек жұмыстар. Соның ар жағында шілде айында түзеттіргізіп аяқтатамыз жұмысты”, – дейді Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің басшысы Бисенбек Насимуллин.
Басшылар мектеп жаңа оқу жылына дайын болады деп сендірді. Дегенмен депутаттар осы ауылға арнайы бармақ. Өйткені өңірде апатты күйдегі мектеп аз емес.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік