Оқу ақысын қоқыспен төлейді: Үндістандық ерлі-зайыпты кедей балаларға арнап мектеп ашты

Үндістандық ерлі-зайыпты кедей отбасыдан шыққан балалар үшін мектеп ашты. Мұндай мектептің ерекшелігі сол – балалар оқу ақысын қоқыспен төлейді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Boredpanda басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Үндістандық Мазин Мухатр 2013 жылы Нью-Йоркте тұрған. Сол жерде ол өзінің болашақ қалыңдығы Парвита Сармамен танысыпты. Олар Үндістанға қайтып оралып, кедей балаларға арналған мектеп ашуды армандаған. 

Арада үш жыл өткеннен кейін олар Үндістанға келіп, кедей балалар үшін тегін мектеп ашты. Оқушыларға қойылатын жалғыз талап – күн сайын пластик қоқысын алып келу. 

Үндістанда пластикті өртеу – қалыпты нәрсе. Сондықтан ерлі-зайыпты оқу ақысы ретінде пластикті алып, артынша оны жоюға жіберіп отырған. Осылайша, олар балаларға тегін білім беріп, сонымен қатар мемлекетке пластиктен арылуға көмектесуде. 

«Жақын жерде пластик өртеген кезде, сабақ оқитын бөлмелердің улы газға толатыны әлі есімде. Мұнда пластик қалдықтарын өртеу қалыпты нәрсе болатын. Біз осыны өзгерткіміз келіп, оқушылардан оқу ақысы ретінде пластик ала бастадық», - дейді Парвита. 

Аталған мектепте балалар ғана емес, олардың ата-аналары да білім алады. Бастапқы уақытта ата-аналар мектеп иелерімен серіктес болғысы келмеген. Алайда пластик пен оның дұрыс жойылуы туралы дәрісті тыңдағаннан кейін, ата-аналар оның балалары үшін қаншалықты қауіпті екенін түсінген. 

Оқушылардың дені сабақтан кейін мектепте қалып, пластиктерді жоюға көмектеседі. Оларды сұрыптап, сығымдайды. Ал бұл мектеп ашылғанға дейін балалардың көбі шахталарда жұмыс істеген екен. Олар күніне 2,5 доллар (900 теңгеден аса) алып жүрген. 

Сол кезде Мазин мен Парвита оқушыларды мектептегі жұмысқа тартуды ұйғарған. Олар жоғары сыныптарда оқитын оқушылардан кіші сыныптарда оқитындарды оқытуын сұрапты. Алайда оларға төлейтін ақшасы болмаған. Сол кезде олар мектепішілік валюта енгізуді шешеді. Оқушылар ол валюта арқылы тамақ, киім және мектепке қажетті заттарды сатып ала алады. 

Валютаны жақсы баға, кіші сыныптағы оқушыларды оқытқаны және пластикті жоюға көмектескені үшін ала алады. Ал тәртібі нашар болған оқушыларға айыппұл салынады. Оқушылар белгілі бір мөлшерде валюта жинап, оған мұғалімдері арқылы Amazon-нан қажетті заттарына тапсырыс бере алады. 

«Біз балалар еңбегімен күресу үшін олардың еңбегін пайдаланамыз. Кедейлікте өмір сүретін балалар оқуын жалғастыру үшін ақша табуы керек. Біз оларды тәрбиешілер, әлеуметтік жұмысшылар ретінде жалдап, ақысын төлейміз. Оқушылар келесі сыныпқа көшкен кезде олардың «жалақысы» артып отырады. Сонымен қатар жаңа бейімділігі пайда болған сайын да жалақысы артады», - дейді Мазин Мухтар.

Мектепте балалар математика, тілдер мен жаратылыстану пәндерін оқиды. Сонымен қатар ұсталық, кесте тігуғ қалдықтарды қайта өңдеу және фотосуретке түсіруді үйрететін сабақтар бар. 

Мазин мен Парвита аталған мектепті ашқан кезде, олардың небәрі 20 оқушысы болған. Ал бүгінгі таңда олардың саны 110-ға жетіпті. Ерлі-зайыпты Үндістан бойынша мұндай мектептерді көбейтуді армандайды.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыныстық қатынас арқылы: Дәрігер қазақстандықтарға арқа ауруын емдеудің жолын үйретті

Жыныстық қатынас психологиялық және соматикалық денсаулықты жақсартады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған
Çàãðóçêà...