Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өкпе емес, махаббат": Жұлдыз Әбдікәрімова бала тәрбиесі туралы айтты

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова бала тәрбиесі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің жары баланы өмірге алып келгеннен кейін, оның нағыз адам болып өсуіне ата-ананың тәрбиесі керек дейді. Дегенмен, әрбір ана баласымен бірге өсіп, бірге үйреніп, өзін де тәрбиелейтінін ұмытпады. Олардың қатарында Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі де бар. 

"Нағыз адам жер бетінде өзін қарыз адамдай сезінеді, әйтпесе ол масыл ретінде сезінуі тиіс еді", - дейді абзалдық әліппесінде. Жалпы нағыз адам деген қандай адам? Оны кім тәрбиелейді? Біз үйретіп жүріп үйреніп жатқан анамыз. Көп жағдайда балаға тәрбие беру барысында өзіміз де қателігімізді түсініп жатамыз. Соңғы уақытта мынадай дүниені әдет қылдым. Методика деуге қаншалықты келетінін білмедім",- дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Балаға ұрсқан кезде ол өзінің қателігін түсіну керек сол кезде ғана ата-анамен байланысы үзілмейді екен. Сондықтан, балаңызға не үшін ұрсқаныңызды түсіндіруге тырысыңыз деп кеңес берді ол. Ерекше тәсіл қолданатын Жұлдыз Әбдікәрімова үлкендерге перзенттеріңізге әрбір нәрсені түсіндіріп, анық-қанығын ұғындырудан жалықпаңыздар деп ақыл айтты.

"Балаларым тентектік танытса, бұзықтық жасаса ұрысамын. Сол сәтте көтерілген ашуым басылған соң шақырып алып, "Мен саған не үшін ұрыстым?", "Сен қандай қателік жасадың?", "Өз қатеңді түсіндің бе?" деп сұраймын. Егер бала дөп басып, өз қатесін айтып берсе, түйсігіне жеткені. Ал егер анасынан не үшін ұрыс естігенін білмесе, ішінде анасына деген өкпе-реніш пайда болып, ол қателікті кейін де бірнеше мәрте қайталауы мүмкін. Олар түсінсе де қайталайды. Себебі сонысымен бала ғой. Ал ересек адам түсіндіруден жалықпау керек сияқты. Қайткен күнде де баламен бірге ата-анаға деген өкпе емес, махаббат өсу керек", - дейді көп балалы ана.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр