Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өкінетін боласыз": Уақытын жұмысына ғана арнаған әкесі ұлының өлімінен кейін жантебірентерлік хат жазды

АҚШ-тың Портленд штатында тұратын Джей Ар Сторменттің еңбекке берілгені сонша, соңғы сегіз жылын жұмыста өткізген. Өз компаниясына өмірін арнаған ер адам кәсібінде табысқа қол жеткізген. Алайда ол ақша өмірдегі ең басты нәрсе емес екенін түсіндім, дейді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап.

«Тура сегіз жыл бұрын біздің егіз балаларымыз өмірге келді. Ал мен Cloudability компаниясының негізін қалаушылардың бірі атандым. Шамамен үш ай бұрын компанияның иесі болдым. Ал үш апта бұрын ұлдарымыздың бірінен айырылып қалдық», - деп жазады Джей Ар Стормент өз хатында.

Стормент әйелі қаралы хабарды жеткізу үшін қоңырау шалған кезде жиналыста болған. 

«Вайли қайтыс болды», - деді әйелім. Мен бірден үйіме асықтым», - дейді ол.
Ер адамның сөзінше, үйінің жанында жедел жәрдем мен полицияның бірнеше көлігі тұрған. Сегіз жасар бала кенеттен қайтыс болғанда, бұл қылмыс болуы мүмкін деп қаралады. 

«Мен ұлымды екі сағаттан кейін әрең көрдім. ... Бізге бөлмеге кіруге рұқсат бергенде, аяқ астынан тынышталып қалдым. Төсекке оның жанына жатып, қолынан алып: «Достым, не болды?» - деп қайталай бердім», - дейді Джей Ар Стормент.

Белгілі болғандай, Вайлер түнде қайтыс болған екен. Таңертең анасы оны ұйықтап жатқан болар деп ойлап, кедергі келтірмеген. Алайда артынша ұлын тексеруге барғанда, оның денесі суық екенін байқапты. Бұл кезде екінші ұлы оның жанында планшетпен ойнап жатқан екен. 

Өткен жылы Вайлидің бойынан қатерлі емес қояншық дерті анықталған. Ата-анасының топшылауынша, ұлы ұстамасы ұстаған кезде кенеттен өліп кету синдромының салдарынан қайтыс болған болуы мүмкін. 

«Біз педиатр, неврологтармен оның денсаулығы туралы сөйлестік. Олардың барлығы алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты. Алайда 4 500 баланың біреуі аталған синдромнан зардап шегеді. Бұл туралы бізге ешкім айтқан емес. Біз статистиканы көріп, сонымен ғана өзімізді тыныштандырдық», - дейді ер адам. 

Қайғылы жағдайдан арада бір ай өткеннен кейін ерлі-зайыпты бұл туралы әріптесеріне, бүкіл әлемге айтуды ұйғарған. Джей Ар мен Джессика ашық хатта адамдарды өз құндылығын қайта саралап, отбасымен өткізген әр минутын бағалауға шақырады. 

«Егер біз бұл жағдайдан сабақ алған болсақ, ол – өмірдің өте нәзік екендігі. Ал берілген уақыт тым қысқа», - дейді Джессика Брандес.

«Көбі бізден қандай көмек бере алатыны туралы сұрайды. Балаларыңызды құшақтаңыздар. Кешке дейін жұмыс істемеңіздер. Сіздің уақытыңыз таяғанда, өміріңізді, алтын уақытыңызды жұмсаған дүниелердің көбі үшін қатты өкінетін боласыз», - деп түйіндеді Джей Ар Стормент.

Талқылау