Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өкінеміз": Қарағандыда перзентхана басшылығы еденде босанып қалған әйелден кешірім сұрады

Қарағандыда перзентхананың еденінде босанып қалған әйелден перинаталдық орталық басшылығы кешірім сұрады. Перзентхана директоры кінәлілердің әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылатынын айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Перзентхананың еденінде жатып босандым деген Мақпал Оразованың оқиғасы желіде шу тудырғаннан кейін перинаталдық орталықта қызметтік тергеу жүргізілген. Соның барысында перзентхана қызметкерлерінің босанушы әйелдің бұған дейін де жылдам босанғаны туралы ескертуі мен шағымдарын елемей, оны палатаға жатқызып, бақылаудың орнына, дәлізде жүруіне мүмкіндік бергені анықталды. 

«Мұндай деректің болғанын растаймыз. Оның, туыстарының алдында кешірім сұраймыз. Осылай болғаны үшін өкінеміз», - дейді «Өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталықтың» директоры Татьяна Юзик.

Сонымен қатар перзентхана директоры кінәлілердің әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылатынын айтты. 

Еске сала кетсек, Қарағандыда жүкті әйел перзентхананың еденінде босанып қалған еді. Артынша перзентханадағылар мұндай жағдайдың не себепті орын алғанын түсіндірді.

Талқылау