"Халық үшін, Қазақстан үшін": Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқанына өкінбейтінін айтты (видео)

Қазақстанның Тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» арнасына берген сұхбатынан үзінді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сұхбат барысында журналист Айгүл Әділова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан президенттік өкілеттігін тоқтатқанына өкінетін-өкінбейтіні туралы сұрады. 

«Әрине, өкінбеймін. Себебі бұл жан-жақты ойластырылған шешім болды. Екіншіден, өзгеріс қажет. Ешнәрсе бір орында тұрмайды. Жаңа адамдар, жаңа кадрлар керек. Әрбір басқа адамның өз көзқарасы, өз қатынасы бар. Сондықтан өкінбеймін. Халық үшін, Қазақстан үшін дұрыс жасадым деп ойлаймын», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатының толық нұсқасы ертең, 11 қазанда, сағат 21:30-да "Хабар" арнасынан көрсетіледі. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...