Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей: Қыздарым шетелдік азаматқа тұрмысқа шықса, аяқ-қолдарын сындырамын

Күні кеше ғана Қытай азаматының қазақ дәстүрлеріне сай қалыңдығын алып кеткелі жатқан видеосы әлеуметтік желіде желдей ескен болатын. Бейнежазбада қоржынға түрлі сыйлықтар салып әкелген қытайлық пен оның аудармашысын және қазақ отбасын анық көруге болады. Елімізге белгілі азаматтар аталған оқиғаға қатысты пікірлерін Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбаттында айтты.

Одан да күйеуге тимегені дұрыс еді: Танымал қазақ жігіттері қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қызы туралы

Мұхтар Шаханов, ақын:

«Шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздар азаматтықтан шығарылсын. Адамның құқығынан гөрі бізге мемлекеттің қауіпсіздігі маңызды. Қазақсатнның тұтастығы, бүтіндігі, болашағы маңызды».

Төрт бала, оның ішінде үш қызды бағып-қағып отырған белгілі әнші Абай Бегей: “Балаларыма қазірден бастап шетелдік азаматқа тұрмысқа шықпайсыңдар деп құлақтарына құйып отырамын”, – дейді. Тіпті, “аяқ-қолдарыңды сындырамын” деп те қорқытатынын жеткізді. Жақында басқа дін өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қызына деген өкпесі қара қазандай.

«Бұл деген үлкен масқара. Себебі, біз мұсылманбыз. Мұсылман ер адам басқа дін өкілін әйелдікке алуына болады. Ал қыз балаға кәпірге, басқа дін өкіліне тұрмысқа шығуына болмайды. Шариғатта солай айтылған. Сол себептен, өзім тікелей қарсымын. Ол қытайдың санын көбейту үшін, қытайға тұрмысқа шыққанша, одан да ешкімге тимегені дұрыс еді. Мұсылман болып келдік па, мұсылман болып кетуіміз керек», – дейді Абай Бегей.

Ал Әділ Сләмхан қазақ қыздарының бұл әрекетіне азғындап бара жатқан батыстық фильмдердің әсері болуы мүмкін, дейді.

«Кейбір қазақ қыздарында ес жоқ. Баспана, автокөлікке сатылып шетелдік азаматтардың етегінен ұстап, еріп кете береді. Қазақ қыздарының қытайға тұрмысқа шығуы мүлдем дұрыс емес. Қазақтың ұрпағын құртады. Қытай үндемей-ақ қаптап кетеді. Дегенмен, үйдегі тәрбиеге де көп нәрсе баланысты. Әрбір ата-ана балаға дұрыс тәрбие беру керек. Қазақтың қыздары намысшыл болған. Ел, жер үшін өз өмірлерін қиған Әлия мен Мәншүктей батырларымыз шыққан. Қазіргі қыздарымыз азғындап барады. Басқа ұлтқа шығуы қасірет. Расын айтайын, соңғы уақытта қатты ойланып жүрмін. Ұйқыдан да айырылдым», – дейді әнші Әділ Сләмхан.

Ал әнші Айқын бір жағынан қарагөздеріміздің өзге ұлтқа тұрмысқа шыққанына күйінсе, екінші жағынан “тағдырдан” ешкімнің де асып кете алмайтынын айтуда.

“Әрине, қазақ қызының қытайға тұрмысқа шыққаны өте аянышты. Өкінішті. Бірақ, тағдыр деген бар. Сен оған кедергі жасай алмайсың. Әр адам өз тағдырын өзі ғана шешеді. Ешкім оған араласпауы керек. Мен қаншама тойға барып жүрмін ғой. Қазақ қыздары түрлі ұлттарға тиіп жатыр. Менің ойымша, ондай жағдайға көбінесе шетелде білім алып келген арулар тап болатын сияқты. Негізі қыз баланы қатал ұстаған дұрыс”, – дейді Айқын.

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау