Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"О дүниеде жүріп, біз де көріп қалармыз": Назгүл Қарабалина талантты топқа қолдау көрсетпеген қазақтарға ренжіді

Қазақ эстрадасынан ойып тұрып орын алған "Алашұлы" тобы күні кеше жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. БАҚ пен өнер сүйер қауымға арналған іс-шарада топ құрамының өзгергені, Әзімбек Байлиннің орнына жас та болса дарынды, тәжірибесі мол әнші Берік Атахановтың келгені айтылды. "Алашұлының" продюсері Назгүл Қарабалина топ құрамындағы маңызды өзгеріс жайында пікір білдіріп, қазақи, рухты әндерді орындап жүрген топ мүшелеріне қолдау көрсете алмаған отандастарымызды сынады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Продюсер Назгүл Қарабалинаның сөзінше, ғұмырын қазақ халқына арнаған солистерді көпшілік қазір бағаламаса да, келер ұрпақ оларға үлкен алғыс айтады. 

“Алашұлы мен қазақпын деп ана тілімізде рухты әндерді айтатын топ. Осындай шарада қазақтың нағыз рухты адамдары, журналистері, телеарналары топпен бірге болып, "Алашұлы" туралы көбірек айтса, еліміз үшін өте қажетті дүние емес пе?  Өкінішке орай, біздің  деңгейіміз "Инстаграмда", "Фейсбукта" пікір қалдырып кетуге ғана жетеді. Мен жігіттерге: Той-томалаққа шығып, жеңіл-желпі әндерді айтып, танымал бола қоймассыздар.

Бірақ 50-100 жылдан кейін келер ұрпақ, мен қазақпын дегендер әндеріңізді тыңдайтын болады. Мұны о дүниеде жүріп, біз де көріп қалармыз. Сол кезде біздің жанымыз, рухымыз рахаттанар", — деп айтамын. Бүгінде біз кезінде ел мойындамаған азаматтарға Құран бағыштап, солардың құрметіне іс-шаралар өткіземіз. Менің ойымша, келер ұрпақ дәл осылай "Алашұлы" тобына үлкен ризашылығын білдіреді", — деді ол. 

“Алашұлы” тобының құрамы осымен екінші рет ауысты. Әзімбек Байлиннің орнына Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас әнші Берік Атаханов келді. Әншілер, стильді өзгертпейтінін, репертуарды түрлендіріп, этно-рэпті, көне терменің жазылып жатқанын айтты. Әзімбек Байлин топтан неге шықты деген ең басты сұраққа продюсер және солистер де бірауыздан жұмыс графиктерінің келіспеуі, репертуар таңдауда ортақ пікірдің болмауы деп жауап берді. 

Талқылау