"Еңбек жағдайы бәріне бірдей болуы керек": Ноғаев Атыраудағы көтеріліс жайлы

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев "Теңіз" вахталық қалашығына барып, ТШО басшылығымен жиналыс өткізді. Сонымен қатар, "Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)" компаниясының жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ногаев

Кездесуге 30-дан астам адам жеңіл дене жарақатын алған тұрмыстық кикілжің себеп болды. Оқиғаны тексерумен және кен орнында еңбекті ұйымдастыру мәселелерін зерттеумен ведомствоаралық комиссия айналысады. Комиссия жұмысын Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары басқарады.

"Бұл проблема еңбек жағдайларының әр түрлі болуынан туындап отыр, ТШО мен мердігер мекемелердің басшылықтары мәселені жүйелі түрде шешулері керек. Біз өз тарапымыздан барлық қолдауды көрсетеміз. Инвесторлар түсінулері тиіс- біздің еліміздің аумағында жұмыс істей отырып, заңнаманы және ешкімнің ар-намысына тимейтін, моральдық-этикалық нормаларды сақтаулары қажет. Жақын арада жобаның барлық қатысушыларымен кездесу өткіземіз, барлық компаниялардың бірінші басшылары шақырылады, осы мәселені шешеміз. Бастысы, еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек", - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

"Теңізшевройл" ЖШС бас директоры Имер Боннер өз кезегінде компания жағдайды реттеуге  және болашақта осындай тұрмыстық кикілжіңдердің алдын алуға бар күшін салатынына сендірді.

"Біз жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына жағдайды тез реттеуге көмектескендері үшін разымыз.  ССЕР компаниясына,  басқа да мердігер мекемелерге қатысты жұмыстарды жүргіземіз", - деді Имер Боннер.

Жиналыстан кейін облыс әкімі  Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) компаниясының жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында компания қызметкерлері әкімнен және ТШО басшылығынан жоба жұмысын тоқтатпауды, адамдардың қызметтік міндеттемелерін орындауға кірісе берулерін сұрады.

"Біз ведомствоаралық комиссия құрдық, оған облыс әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік етеді. Комиссия бірдей еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселесімен айналысады. Сіздер комиссия құрамына өз өкілдеріңізді қоса аласыздар, әріптестерім телефон нөмірлерін қалдырады, жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарыңызды беріңіздер. Сіздердің жұмыс кестелеріңізде ешқандай өзгеріс болмайды, жұмыс қалыпты режимде жалғасады", - деді Нұрлан Ноғаев.

Комментарий тастау үшін сізге сайтқа ену керек
Комментариялар
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі тағайындалды

Ақерке Ахметова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген

1 қазанға дейін салық төлемегендерге айыппұл салына ма? Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда

Нұр-Сұлтанның дамыту орталығында 8 бала уланып ауруханаға түсті

Ата-аналар орталықтың дәретхана суы таза суға қосылып кетті деп айыптап жатыр

Дамаскідегі әл-Фараби кесенесі қандай қалыпта

Қазақстандық делегация Сирияның Дамаскі қаласына аттанды

Шариғат бойынша: Луина некесін мешітте қидырды

Өнер иесі орыстың келіні болды

Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып қайта сайланды

Асқар Мамин: Бұл бұқаралық спорттың одан әрі дамуындағы маңызды қадам

"Құдайым-ай, неткен еркек": Димаштың "жүн басқан кеудесі" қыздарды естен тандырды

Жұрт әншінің жаңа образын жақтырмай қалды

Ғалымдар адамның ұзақ өмір сүруіне көмектесетін жемісті анықтады

Қытай ғалымдары арнайы зерттеу жасады

Адам суицидке жанын ауыртқан адамды жазалау үшін барады — психоаналитик

Анна Құдиярова адамдардың неге өзін-өзі өлтіретінін түсіндірді

6 жасар бала көз жұмған анасымен бірге 5 күн түнеген

Бала өте әлсіреп қалған күйде табылды
Çàãðóçêà...