Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күлкі дегенді ұмыттық. Өзіме келе алмай жүрдім": Нұрлан Еспанов әйелі қатты ауырған күндер туралы

Танымал әнші Нұрлан Еспанов өміріндегі ең ауыр күндері туралы айтып берді. Осыдан бірнеше жыл бұрын әйелі ауыр дертке шалдығып, шетелде емделген болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасының «Қарақатпен шай» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Нұрлан ЕспановСурет: instagram.com/espanov_n/

«Жағдайы қазіргі таңда жақсы. Басында біз қорқып кеттік. Біраз уақытқа дейін қорқып жүрдік. 8 айдай өзіме келе алмай жүрдім. Күлкі дегенді ұмыттық. Баяғы Нұрлан, үйден шығу деген жоқ. Көптеген досты іздемейсің. (...) Ол да қорқып қалған. Адам психологиялық тұрғыдан «кетіп» қалса, қиындау ғой», - деді әнші. 

Әрі қарай ол ақшаның да өмір үшін өте қажетті тұстары болатынын жасырмады. Осы орайда әйелі ауырып қалған кезде достарынан көмек сұрауға мәжбүр болғанын бөлісті.

«Ақша деген еркіндік үшін қажет екен. Ақшасы бар адамда негізі еркіндік болады. Қонақ күтемін, бір жерге барып отырамын десе де. Мен үшін ақша қонақ күту үшін керек еді. Бұрын-соңды бүкіл ақшамды қонақ күтуге жұмсайтынмын. Сонда менде достар жоқ шығар деп ойладым. Сол миллион достың ішінде 5-6-ауы табылды ғой. Келіншегім ауырып қалғанын, Кореяға бара жатқанымды айттып, көмек сұрадым. Сонда маған Заңғар, Қайрат, Асылхан, Ержан деген достарым белгілі бір мөлшерде ақша салып жіберді. Мен сол ақшаны алдым да Кореяға кетіп қалдым», - деді жұлдыз. 

Мұнымен қатар, Кореяға барған соң, әйелінің жағдайы әлдеқайда жақсарғанына тоқталды. Дәрігерлер қорықпауға болатынын айтқан. Десе де, әнші елге оралған соң да көпке дейін үрейленіп жүргенін жасырмады. 

«Осы жерге келіп те біраз уақыт депрессиядан шыға алмай жүрдым. Қазір біраз жыл болды. Былайынша қазір жақсы», - деді ол. 

Естеріңізге сала кетсек, танымал журналистің желіде лотерея ойнатқан Нұрлан Еспановты сынап тастағаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау