Нұрқожа Қайпанов әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастауға жақын
Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте ең үздік балуандардың көшін бастауға жақын тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UWW
Тиранада күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежесі бойынша өткен әлем чемпионатында топ жарған Нұрқожа Қайпанов UWW-дің жаңартылған рейтингінде үздіктер қатарына енді. Біріккен күрес әлемінің жыл соңында шығарған рейтингінде Қайпанов 70 келіде екінші орынға жайғасқан. Бұл салмақта көшті грузин балуаны бастап тұр. Ал үшінші орынға жапон балуаны тұрақтаса, тәжік балуаны үздік төрттікті түйіндеген.
Айта кетейік, барлық салмақ бойынша үздіктер қатарына еліміздің еркін күрес құрамасынан тек бір балуан ғана енген. Өзге салмақтарда қазақ балуандары алғашқы бестікте жоқ.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"

