Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрқиса Дәуешов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ведомствоның жаңа вице-министрін таныстырды. ҚР үкіметінің қаулысымен Нұрғиса Дәуешов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрқиса Дәуешов

Нұрғиса Дәуешов 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының магистранты.

Түрлі жылдары филармония, халық аспаптары академиялық оркестрі әртісі,  Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының дәстүрлі музыка өнері кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 

2011-2013 жылдары - Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрінде инспектор болды.

2013 жылдан бастап Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі директоры қызметіне тағайындалды. 

Талқылау