Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрәлі Әлиевтің қайырымдылық аукционы: Нұр-Сұлтанға «Дүниежүзі аруы» байқауының қатысушылары келді

Қазақстан астанасында әлемнің ең әдемі арулары көзге түсті. Барыстарды құтқару қорының басшысы Нұрәлі Әлиевтің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтанда өткен қайырымдылық гала-кешкі асқа «Дүниежүзі аруы» байқауының қатысушылары мен танымал модельдер келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрәлі Әлиевтің қайырымдылық аукционы: Нұр-Сұлтанға «Дүниежүзі аруы» байқауының қатысушылары келді

Осылайша, қонақтар арасында «Әлем аруы-2015» жеңімпазы Мирейя Лалагуна, «Дүниежүзі аруы-2018» байқауының қатысушылары Тара де Врис (Түркия), Карина Жосан (Украина), Бегимай Карыбекова (Қырғызстан), Ева Колас (Франция) болды. 

 

Сонымен қатар Қазақстан астанасына Алина Байкова (Украина), Валерия Руденко (Украина), Саша Лусс (Ресей) тәрізді топ-модельдер келді. 

Еске сала кетсек, 5 шілдеде Нұр-Сұлтанда қайырымдылық мақсатындағы аукцион өтті. Одан жиналған ақша қар барыстарын құтқаруға арналған «Snow Leopard Foundation» халықаралық қорына аударылады. Гала-кешкі ас Astana Opera ғимаратында өтіп, әлемнің 50 елінен 300 қонақ келді.

Талқылау