БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция ешкімді кінәлі деп таппады: Нұр-Сұлтандағы бес қыздың өліміне қатысты іс тоқтатылды

Нұр-Сұлтандағы көпбалалы отбасынан шыққан бес қыздың қазасына қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы қалалық полиция хабарлады.

Нұр-Сұлтандағы бес қыздың өліміне қатысты іс тоқтатылды

"Қыздар қайтыс болғаннан кейін біз толық тергеу жүргіздік, тергеуді Нұр-Сұлтан ІІБ-нің тергеу бөлімшесі жүргізді. Қажетті тергеу, тексеру жүргізгеннен кейін істі тоқтату туралы шешім қабылданды. Нәтижесі заңдылықты тексеру үшін прокуратураға берілді", - деді полиция департаменті тергеу бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Артықов.

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Марқұмдарды жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды. Оқиғадан соң көз жұмған бес қыздың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр