Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жаңа Арбат салынады

Нұр-Сұлтандағы "Жастар" сарайына қарама-қарсы бетте Арбат пайда болады. Омаров жаңа жаяу жүргіншілер көшесінде 2 субұрқақ салу жоспарланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінгі таңда Ж. Омаров көшесі Республика даңғылынан Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрына дейін абаттандырылуда. Бірінші кезең – Әуезов көшесіне дейінгі аймақ биыл аяқталады. Бейбітшілік көшесіне дейінгі бөлікті келесі жылы аяқтау жоспарлануда", - деді сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында.

Республика даңғылынан Әуезов көшесіне дейінгі аралықта қолданыстағы субұрқақты қайта жаңарту көзделген. 

Жаңа субұрқақ кешені "Халықтар Достығы" монументінің айналасында салынады. Одан құрғақ субұрқақпен аяқталатын жасанды ағын пайда болады. Ағынның бойында су аттракциондарын салу жоспарланған.

Тағы бір құрғақ субұрқақ Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының жанында пайда болады. Бұл аумақта шағын сәулет нысандары, инсталляциялар, веложол, көлеңкелі шатырлар орнатылады. Сауда павильондарын, ойын аймақтары мен балалар алаңдарын орналастыру қарастырылған.

"Сәулет-жоспарлау шешімі қалалық кеңістік, қоғамдық орын және жаяу жүргіншілерге арналған жаңа жайлы орта құруды көздейді.

Елорда "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" шеберлік жоспары тұжырымдамасы аясында дамып келеді және басымдықтардың бірі - серуендеуге және спортпен шұғылдануға арналған орындар құру. Биыл барлығы 150 аула, 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, бульварлар) жөнделіп, салынады", - деп қорытындылады басқармада.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр