Нұр-Сұлтанда туристерге арналған ықшамаудан пайда болуы мүмкін

Нұр-Сұлтанда туристерге арналған ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер мен туризм нысандары бар ықшамаудан салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда туристерге арналған ықшамаудан пайда болуы мүмкін

Мұндай жоба Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген Ellington Properties Development LLC компаниясының серіктестігінің нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Туристерге арналған ықшамаудан салынуы мүмкін екені елорда әкімі Алтай Көлгінов пен компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Джозеф Томаспен кездесу барысында белгілі болды. 

Аудан аумағында туристерге жылдың кез келген мезгілінде қолжетімді болатын демалыс және ойын-сауық орталықтарын тұрғызу жоспарлануда.

Жобаның құны бір миллиард доллардан астам қаржыны құрайды. Жаңа ықшамауданды 5-6 жылдың көлемінде салуға уәде етіліп отыр.

Ellington Properties Development LLC компаниясы жылжымайтын мүлік нарығында 5 жыл жұмыс істеп келеді. Ол Дубайдағы алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі болып табылады және мұндай жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибеге ие.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Айгүл Иманбаева: Баян енді басты рөлді бермесе, киноларына түспеймін

Иманбаева: Баян екеуміз қазір жақын қатынаста емеспіз

Ернар Айдар шетелдік әнші Арашпен бірге концерт бермек

Әли Оқапов: Мен өзге әншілердің танымалдығының арқасында көрермен жинағанды жек көрем

Көкшетаулық оқушы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды

Бойжеткен үйіне оралудан бас тартты

Бағасы 11 мың теңге: Баян Алагөзова мен Ерке Есмахан арзан көйлек киіп жүр ме

Желі қолданушысы: Продюсердің көйлегі арзан бағадағы дүкеннен алынған көйлектің көшірмесіндей

Алматыда мас әйел тротуардағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Жаяу адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда қару ұстаған видео кейіпкері ұсталды

Күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты

Талдықорғандық тұрғын салық органын сотта жеңіп шықты

Сот үкімінде тұрғынның қарызының жоқ екені анықталды

Оралда 60 қымбат көліктің ортасында қыдырған ер адам ұсталды

Қазір жарияланбайтын нақты ақпарат бар

Айдар Тұрғанбек: Әйелімді қатты жақсы көре бастадым

Әнші: Екінші әйелімді ұшақпен алып қаштым

Көктайғақ, боран болады: Мамандар ауа райы болжамын айтты

Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қар жауады
Çàãðóçêà...