Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда тыржалаңаш көше кезіп жүрген ер адамның видеосы желіде тарады

Нұр-Сұлтан қаласында көшенің қақ ортасында ер адам тыржалаңаш жүр. Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

ер адамКадрда ер адам киімшең бей-қамсыз көшеде кетіп бара жатыр. Ары-бері өткендер оған назар аудармауға тырысқан. Алайда тыржалаңаш ер адамның денсаулығында ақауы бары анықталды.

«Кеше күндіз Жеңіс және Бөгенбай даңғылы қиылысында ер адам көшеде тыржалаңаш жүрген. Оны полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасынан байқап қалып, жақын маңдағы бөлімшеге апарған. Ер адамның денсаулығында ақауы бары анықталды. Медицина қызметкерлері келіп, оны ауруханаға алып кетті. Егер көшеде сау адам солай жүрсе, міндетті түрде жазаланады», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз хатшысы София Қылышбекова.
 

 

Талқылау