Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда коронавирус өсімі 2 есеге азайды

Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Сәуле Қисықова қалада коронавирус ауруының өсімі 2,9 пайызды құрады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Жалпы, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының 1287 жағдайы тіркелген.

"Олардың ішінде 683 адам қаланың ауруханаларында. 602 адам, яғни 47 пайызы айығып шықты. Өткен тәулікте 36 жағдай тіркелді. Өсім 2,9 пайызды құрады. Олардың ішінде 21 жағдай бұрын тіркелген оқиғалармен тығыз байланыста болған адамдар арасында анықталды. 9 жағдай пневмониямен және жедел респираторлық инфекциясы бар ауруханада жатқандардан анықталған, біреуі коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардан келген адамдар арасында анықталды, олар карантиндік ауруханада. 5 адам ауруханаға шағымдарымен келгенде анықталды", - деді Қисықова брифингте.

Оның айтуынша, қалада коронавирусқа 75 мыңнан астам ПТР тексерісі жүргізілген.

"Мамырдың бірінші аптасында қалада коронавирустың 376 жағдайы тіркелді, өсудің орташа қарқыны 6,4 пайызды құрады. Мамырдың екінші аптасында 185 жағдай тіркелді, орташа өсу қарқыны 2,3 пайызды құрады. Жаңа жағдайлардың екі есеге азаюы және өсу қарқыны төмендеп, 64 пайыз болды", - деп түйіндеді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр