Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

Карантинге қарамастан Нұр-Сұлтан қаласының көпбалалы және жалғызбасты аналары бүгін министрліктер үйінің жанында жиналып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Наразы топ шектеулерге байланысты халықтың табыссыз қалып, мүшкіл күйге түскеніне билікті кінәлап отыр. Олар тіпті президенттің тапсырмасымен тағайындалып жатқан 42 500 теңгеден құр қалғандарын айтып ашынды. 

Министрліктер үйінің алдында тұрып, үкімет өкілдерінің шығуын талап еткен аналар қанша айқайласа да, министрлердің біреуі де шықпады. Оның орнына мамандар келіп, бүгінгі жиынның заңсыз екенін ескертіп әлек болды. 

"Митингілерді өткізу тәртібі бойынша, сіздер жергілікті атқарушы органға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне өтініш берулеріңіз керек", - дейді мамандар. 

Солардың бірі жалғызбасты ана Мақпал Жүнісова табысымнан айтырылып қалдым, мемлекет тарапынан ешқандай көмек жоқ деп ашулы. 

"Міне мен жұмысымнан айырылдым, осы карантинге байланысты. Ешқандай көмек алмаймын. Алты мың теңге асып кетті деп не әлеуметтік көмек бермейді, не азық-түлік бермейді. Біз не үшін бұлай карантинде қиналамыз", - дейді ол. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері біріңғай әлеуметтік жинақтық төлем төлеп жүрген және карантинге байланысты табысынан айырылған көпбалалы, жалғызбасты аналар 42500 теңгені алуға құқылы деп отыр. Ал атаулы әлеуметтік көмек алып, табысын ашқан отбасылар осы шектеулердің кесірінен табыссыз қалса, мемлекеттің көмегіне жүгіне алады екен. 

"Осы санаттағы аналарымыз жалдамалы жұмыскерлер болып, жалақы сақталмайтын демалысқа шыққан жағдайда, өтінімді жұмыс берушілер беретін болады ", - дейді еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті басқарма басшысы Бауыржан Бейсенбаев.

Көпбалалы аналар 42500 теңгені де ала алмай қиналып отырғандарын жеткізді. 

"42500 теңге дейді, қайда? Қалай аласың оны. Ол үшін зейнетақы қорына салынған ақшаң болуы керек. Ол біреуде бар, біреуде жоқ. Сонда олар 42500 теңгені қалай алады", - дейді көп балалы ана Фируза Ордабаева. 

Осылайша наразы топ, өздерінің наразылықтарын жеткізіп, жұмыс істей алмайтындардың орнын босатуын талап еткен. 

"Бірінші талап ететініміз - жемқорлық жойылсын. Осыған кінәлі, жағдайды осыған жеткізген адамдар лайықты жазаларын алсын", - дейді көп балалы ана Жанбота Өміртай.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр