Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көлігінің нөмірін жасыратын құрылғы пайдаланған жүргізуші жазаланды (видео)

Нұр-Сұлтанда көлігінің нөмірін жасыратын құрылғыны пайдаланған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ресми деректерге сүйенсек, жедел бақылау орталығының инспекторлары видеокамерамен қала аумағын шолғындау барысында нөмір белгісі бүркеленген "Мерседес" көлігін байқап қалған. Автомобиль "Алматы" бизнес орталығы маңында назарға түскен. Сол жерге жіберілген автопатруль анықтағандай, 27 жастағы жүргізуші көлік нөміріне арнайы рамка тағып алған. Бұл құрылғы көлік жүріп келе жатқанда нөмірді қолма-қол басқасына ауыстырып жібереді.

"Мән-жайды анықтау барысында жүргізуші жауапкершіліктен барынша жалтаруға тырысты. Азамат полиция қызметкерлерінің бірнеше мәрте автомобильге қатысты және өзінің жеке құжаттарын көрсету талабынан бас тартты. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сәйкестендіруге кедергі келтіретін арнаулы құрылғылармен көлікті басқарғаны үшін жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодесінің 590-бабымен жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса, жас жігіт бір жылдың ішінде жүргізуші куәлігінсіз көлікті жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-тің 612-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Құқық бұзушының көлігі коммуналдық автомобиль тұрағына қойылды", - делінген ПД ресми хабарламасында. 

 

Талқылау