Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қайта іске қосылатын болды

Нұр-Сұлтанда 3 тамыздан бастап автобустардың қозғалысы қайта жанданады. Бұл туралы қала әкімі Алсай Көлгінов Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

автобус"Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтінішіне сәйкес 3 тамыздан бастап автобустардың қозғалысы қайта жанданады. Жолға тек қаланың ішінде жүретін бағыттар шығады. Ал қаланың шеткері аймақтарына қатынайтын маршруттар әзірге шықпайды. Автобустар сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді", - дейді Алтай Көогінов.

Қала әкім маскасыз қоғамдық көлікке кіруге тыйым салынатынын қадап айтты. Сонымен қатар, көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күнделікті рейдтер өткізіп, жүргізушілердің де, жолаушылардың да маска режимін сақтауын тексеретінін ескертті. Жолаушыларды жүргізушілер де қадағалайтынын қоса айтты.

"Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Пандемия кезінде біздің жүргізушілер медицина қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа тасымалдады. Жүргізушілер коронавируспен күресуге айтарлықтай үлес қосып жатыр", - деген ол жүргізушілерді көлік қызметкерлері күнімен құттықтауды ұмытпады.

"Олардың еңбегінің арқасында қала тұрғындарының жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Автопаркті жақсартуға ерекше назар аударамыз: 100 электроавтобус сатып алынды, қала тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, жаңа бағыттар ашылды", - деп түйіндеді елорда әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада енгізілген қатаң карантиндік шараларға байланысты автобустар жүрмейтінін, сауда орталықтары жұмыс істемейтінін жазған едік. 

Талқылау