AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тоғыз айдан бері аңдыған": Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда көшеде бұрынғы әйелін соққының астына алған 25 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Елордалық тұрғын бұрынғы күйеуінен соққыға жығылғанын айтып полицияға жүгінді. Құқық бұзушы полиция қызметкерлерімен ұсталып, Есіл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 25 жастағы ер адамға қатысты азаматшаның денсаулығына қасақана зақым келтіргені үшін ҚР ҚК 73-1 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", –  деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер соңғы шешімді мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қабылдайтынын баса айтты.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қыздың соққыға жығылған түсірілген кадрлар пайда болған. Ер адам ажырасқан соң 9 айдан бері бұрынғы әйелінің ізіне түсіп, ұрып-соғып, түрлі қорлық көрсетіп жүрген. Оқиға болған күні де ол келіншекті аялдамада аңдып тұрып, соққыға жығып кеткен.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр