Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда бейбіт митинг басталды

Нұр-Сұлтан қаласында биліктің рұқсатымен бейбіт митинг өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

митингЖиналған халық Нұр-Сұлтан қаласындағы Пушкин және Шәкәрім Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы саябаққа жиналды.

Олардың жанында дәрігерлер мен полиция қызметкерлері кезекшілік етеді. Санкцияланған митингке қатысушылар түрлі мәселелерді атап өтуде: көп балалы аналар мәселелер, АЭС құрылысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және т.б.

митинг

Трибунаға шығып сөйлеуге әр адамға 4 минут беріледі.  Бұған дейін хабарланғандай, бейбіт митинг өткізуге "Бәйтерек– Болашақ" экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Әміртай рұқсат алған еді. 

митинг

Митингте айтылатын мәселелердің арасында-жалақыға, жұмыссыздыққа, ІІМ реформаларына және т. б. мәселелер бар.

митинг

Талқылау