Нұр-Сұлтанда балалар шатырға шығып, велосипед тепкен

Нұр-Сұлтанда «Арман Қала» тұрғын үй кешеніндегі паркингтің шатырында бір топ бала велосипед теуіп жүрген. Қалалық полиция департаменті видеоға қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі .

«Әлеуметтік желілерге талдау жүргізу барысында елордадағы «Арман Қала» тұрғын үй кешеніндегі паркингтің шатырында бір топ баланың велосипед теуіп жүргенін анықтадық. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері аттанды. Анықталғанындай, паркингтің шатырға шығатын есігі ашылып қалып, балалар сол жақтан кіріп кеткен», - деді департаментте.

Полицияның мәліметінше, тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін ұйыммен жүргізілген жұмыс барысында ол есікке құлып салынды. Үйдің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды

«Егер сіз шатырға немесе паркингке шығатын есіктің ашық тұрғанын көрсеңіз, тұрғылықты жердегі ПИК-ке бірден хабар беріңіз», - деп ескертеді полиция.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Астана | Казахстан |Жалобы (@zhaloby.astana) on

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр