Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда алаяқ әмиянын "жоғалтып", оны қайтарған адамдарды тонап келген

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері алаяқтықтың тағы бір түрі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда алаяқ әмиянын

Тәртіп сақшыларының айтуы бойынша, алаяқ әдейі адамдар көп жүретін жерлерде, яғни парктер мен скверлерде "жұмыс істеген". Жалғыз серуендеп жүрген азаматтарды таңдап, сол адамның жанынан өтіп бара жатып байқаусызда білдіртпей әмиянды тастап, кетіп қалған. Адамдар ешқандай жамандықтан күдіктенбестен әмиянды көтерген. Осы сәттен бастап алаяқ әрекет ете бастаған. "Тауып алған" әмиянды қолына ұстап тұрған адамның қасына келіп әмиянның ішіндегі ақшаны санай бастайды да онда ірі көлемдегі ақшаның жетпейтіндігін анықтайды және табанды түрде дау шығара бастайды.

Дауласу және жоғалып кеткен ірі сомадағы ақша қаражатын нақтылау кезінде алаяқ жәбірленушінің ақша қаражатын бірнеше рет санайды, сол кезде саусақтарының арасына купюраларды білдірместен қысып алып, бөтен адамның ақшасын иемденген. 

Осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін елордалық полиция қызметкерлері Ақмола облысының тұрғынын ұстады.  

Қазіргі уақытта ұсталғанға 2 осыған ұқсас факті дәлелденуде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті осындай жағдай туындаған кезде "102" нөміріне хабарласуды және қандай жағдай болмасын, өз ақша қаражатын бөтен адамдарға бермеуді ұсынады. 

Осы тұлғаның заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды "Бейбітшілік" көшесі 19 мекен жайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-24, 71-60-69 немесе "102" телефондарына хабарласуды сұрайды. 

Талқылау