Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан тұрғыны 30 жыл бұрын жоғалтқан алғашқы махаббатын іздейді

55 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны "Евразия бірінші" арнасының редакциясына өзінің алғашқы махаббатын табу туралы ерекше өтінішпен жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төлеген Мұқанов қызбен 30 жыл бұрын Қарағандыдағы автовокзал жанындағы орындықта танысқан. Мектеп түлегі және одан бірнеше жас үлкен жігіт. Төлеген техникумнан кейін жоғары оқу орнына түсе алмаған. Ол әжесіне ауылға бара жатқан. Қызыл көйлек киген қыздың аты - Лилия. Ер адам фамилиясын есіне түсіре алмады.

Бір жыл хат жазысқаннан кейін Төлеген Қиыр Шығыстағы әскер қатарына алынады. Содан бері олар кездеспеген.

"Ол ерекше болды, басқа әйелдерден, қыздардан ерекшеленді. Ол менен ештеңе талап етпеді, осындай дана, әдемі хаттар, осындай сөздер жазды. Мен оның хаттарына қатты тамсанатын едім", - дейді ол.

Төлеген екі рет үйленген, ересек қызы бар. Бірақ ер адам алғашқы кездесуді және Лилияға жазған хаттарын әлі есіне алады.

"Егер ол тұрмысқа шыққан, жұбайы бар болса, егер ол бақытты өмір сүрсе, мен оған амандық, бақыт, өркендеу тілеймін. Егер ол жалғыз болса, кездесіп, қалған өмірімді онымен бірге өткізгім келеді", - деді ол.

"Лилия, қымбаттым, егер сен мені естісең, мен сенің қайда тұратыныңды, қайда екеніңді білгім келеді. Егер сен Қазақстанда болсаң, мен келемін, тіпті шетелде тұрсаң да, мен келемін. Сен мені тыңдап, мені тапқаныңды қалаймын, менің ойымша, біз бір-бірімізді іздеп жүрміз. Мен мұны сеземін", - деді Төлеген қызға.

Қазір Лилия шамамен 50 жаста.

Талқылау