Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан әкімі Тоқаевқа есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есебі беріліп, Президенттің Елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов Мемлекет басшысына қаланы абаттандыру және жылыту маусымы жайында ақпарат берді.

Президент әкімге жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларды қолдау, үлескерлердің мәселесін түбегейлі шешу және Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымдық дамуы бойынша берілген тапсырмаларды сапалы  және уақытылы орындау керектігін атап айтты.

Талқылау