Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Нұр Отан" партиясының туын жұлып алмақ болған жігіт кешірім сұрады (видео)

Арыстан басқа қаладан үй берілсін деген талап қойған арыс тұрғындары наразылық танытып, "Нұр Отан" партиясының филиалына басып кірген еді. Олар партияның туын жұлмақ алмақ болды. Енді туды жұлмақ болған жігіт халықтан кешірім сұрады.

Партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бахадыр Нарымбетов 20 шақты жігіттің наразылық танытып, заңсыз әрекет жасағанын айтты.

Енді туды жұлмақ болған жігіт өз ісіне өкінетінін айтып, ел алдында кешірім сұрады. Бұл сәттің видеосы желіде тарады. 

"Әркімнің өз таңдауы болу керек. Біз де жас болдық. Бірақ, ата-ана болғанда бәрін түсініп жатамыз", - деді сөз алған Бауыржан Байбек.

Ол кешірім сұраған жігіттің арқасынан қағып, кешірім беру керек екенін айтты. 

Бұған дейін Шымкенттегі наразылық акциясы кезінде Nur Otan партиясының туын жұлып алмақ болғандардың видеосын жариялаған едік. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр