Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нұр Отан" партиясы дауға ілікті: Қазақстандықтар үй алуға берген ақшасын қайтара алмай жүр

Қазақстанда "Нұр Отан" партиясының қатысы бар жанжал туындады. 200-ге жуық адам корпоративтік қорға ақша салған. Ұйым тұрғын үй сатып алуға көмектесуге уәде берген. Мәмілелер сомасы 1 млрд 700 млн теңгені құрады. Бірақ қор қызметкерлері салымшылармен байланыспаған. Олардың жұмыс схемасы пирамидаға ұқсайды. Адамдар кездесу "Нұр Отан" партиясының филиалында өткендіктен қорға сенгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлмира Карибаева бас баласы бар, жесір әйел. Ол өзінің бала-шағасымен далада қалған. Үш бөлмелі пәтерін 22 млн теңгеге сатып, ақшаны "Отбасы мен жастарды қолдау" қорына аударған. Қор "Investment Consulting Agency" ЖОО-мен бірге жұмыс істеген. Жаңа баспана алуға жеңілдікпен қарыз беруге уәде берген. 

"Мен кездесу "Нұр Отан" партиясының ғимаратында өткен соң сендім. Енді бес баламмен қайда барарымды білмеймін. Олардан бір тиын да алған жоқпын. Қоңырауға жауап бермейді", - деді Гүлмира Карибаев.

Гүлмира сияқты алданған азаматтар елімізде көп. Адамдардың сөзінше, қор салымшыларға үйдің жарты бағасына тең қаржыны 10 жылға 3-7 жылдық пайызбен беруге уәде берген. Келісімшартқа қол қойғаннан кейін салымшы қорға өзінде бар 50 пайызды және соманың 6 пайызына тек комиссия ақысын аудурауы керек. 

Бір ай ішінде қор сату-сатып алу шартын жасасып, үйдің толық ақысын сатушыға жіберуі керек. Одан кейін клиент ай сайын қор мен ЖШС-ға берешегін төлеп отырады.

"Олар презентациясын партияда өткізді. Анамның жасы - 73-те, күн сайын қордың басшысы оған неше түрлі жағымсыз сөздер айтып, аудиохабарлама жібереді", - деді жәбірленуші Алан.

Салымшылар корпоративтік қордың лицензиясы жоқ екеніне сенімді, ал "Нұр Отан" партиясының өкілдері бұған қатысы жоқ екенін айтып ақталды. Залды жалға бергендерін ғана айтты. Қор сағатына 5000 теңге төлеген. Ал онда қандай шара өткенін партия өкілдері білмейді. 

"Бас тарту үшін бізде себеп болмады. Олар ақшасын төледі. Залды қабылдап алды, шарасы біткен соң, 2 сағаттан кейін өткізді. Бұл ретте алдын ала олардың семинар өткізетіні белгілі еді", - деді Павлодар қаласыындағы "Нұр-Отан" партиясының заңгері Айсұлу Сейтказина.

Қордың өзінде пандемияға байланысты қиындықтар пайда болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, басшылардың қазір Украинада екенін мәлімдеді, онда олар жобаға қатысатын акционерлермен келісіп жатыр.

"Салымшылардың бәрімен есеп айырысамыз. Келісімшарт қыркүйекте жасалады. Кім ақшасын қайтарғысы келсе, қайтарып береміз. Кім әрі қарай барады, келісімшартқа отырамыз", - деді "Investment Consulting Agency" ЖОО директоры Ақеділ Дүйсекен.

Арна тілшілеріне қор құжаттарын көрсетуге сөз берген, бірақ іс жүзінде көрсетпеген. Ал полицейлер көпшіліктен арыз түскенін мәлімдеді. "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалған.

"Отбасы мен жастарды қолдау" қоры жәбірленушілерден тұрғын үйді тиімді бағамен алуға көмектесу үшін ақша алған. Бірақ қызметін жалғастырмаған. Қазір бұл факті бойынша ҚҚ-тің "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған", - деді Есіл ауданы полиция басқармасы бастығының  орынбасары Диас Тоқатов.

Салымшылар болса, баспанасыз қалғанын айтып шағымдануда. Ал сатып алуды қалаған үйлері сатылып кеткен. Алдын ала төлемді де қайтармаған.

Талқылау