Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Cұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенов карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Санитар дәрігердің шешімімен Нұр-Сұлтанда Ashyq пилоттық жобасы фитнес-клубтарда, спа-салондарда, сауналарда, бассейндерде, компьютерлік клубтарда және боулингтерде іске асырыла бастайды.

Қоғамдық көлік үшін штаттық режимде жұмыс кестесі белгіленген. Сауда орталықтары мен сауда үйлері де күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істейді.

Фуд-корттарға тек тамақ жеткізуге және шығарып салуға рұқсат етіледі. Акциялардың, жәрмеңкелердің, салондардың, ұтыс ойындардың әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынады.

Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмыс күндері және демалыс күндері 7.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істей алады. Бұл ретте толтырылу 50 пайызға дейін, бірақ үй-жай ішінде 50 орыннан аспауы тиіс.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), мерекелік корпоративтер мен басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

Қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Халықаралық әйелдер күні қарсаңында астаналықтарға жүгінген еді.

Талқылау