Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ноутбук қуат алып жатып, жарылып кеткен. Тұтынушыларға арзан техника сатып алмауға кеңес берілді

Тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымдары Amazon, Wish, eBay сату платформаларынан қауіпті тауарлар сатылатынын анықтады. Белгілі болғандай, олар тұтынушыларды арзан бағамен қызықтырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Ноутбуктың аккомуляторын Амазоннан сатып алынған жаңасына ауыстырғанда, ол жанып кеткен. Осы жағдайдан соң Electrical Safety First интернеттен электро тауарларды сатып алудың қауіпті екенін айтты. 

ESF Amazon, eBay және Wish-те сатылатын өте қауіпті тауарлардың табылғандығы туралы хабарлады және қазір биліктің мұндай сатылымдарды реттейтін тиісті заңнаманы жасауын қалайды.

"Сағат 22:30 шамасында мен ас үйде болдым, екі итімді серуендеуге шығарайын деп жаттым. Ноутбук үстел үстінде қуатталып жатты", - дейді Рейчел Кент, Amazon-нан тауар алған әйел.

Айтуынша, үстел үстінде тұрған ноутбук қуат алып жатып, жарылып кеткен. 

ESF атқарушы директоры Лесли Радд Рождество қарсаңында интернетте мұндай заттарды көптеген адам жасайтынына күмән келтірмейді.

"Біз электр құрылғыларын сатып алушыларға оларды дүкендерден немесе танымал өндірушілердің веб-сайттарынан сатып алуға кеңес береміз, - дейді Радд. Тергеу жүргізу барысында біз өте қауіпті тауарларды таптық. Бірақ сапасыз заттарды кейде жәй көзбен анықтау өте қиын, әсіресе, сізде бұл салада тәжірибе болмаса", - дейді ол.

Which? тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің бастығы Сью Дэвис, осы қыста адамдар интернетті сатып алуға бұрынғыдан да көп сенетінін ескере отырып, интернет-саудагерлер сатылатын өнімдердің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті мойнына алуы керек және Рождествода қауіпті тауарлардың үйде болуына жол бермеуі керек екенін айтады.

Талқылау