Нөсер жауын мен қар: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Атмосфералық фронтальды ағындар әсерінен алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсер жауын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, солтүстік бөлігінде баяу бұрқасын, республиканың оңтүстік өңірлерінде көктайғақ күтіледі.
Тек Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен таяудағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Батыс, солтүстік-батыс аймақтарға келетін болсақ, ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Қалған аймақтарда ауа температурасы төмендейді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген