БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нөсер жаңбыр жауады: Алдағы демалыс күндері елімізде күн салқындайды

Алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, күн салқындайды. 8-10 маусым күндеріне ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

Терең әрі өте белсенді циклон, сонымен қатар онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның көптеген облысында жаңбыр жаууына себеп болады. Ал шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлердің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. 

Алдағы үш тәулікте циклон және онымен байланысты фронттар шығысқа жылжып, салдарынан найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады деп күтіледі. Шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауып, күн салқындайды. 

Тек батыс өңірде 9-10 маусым күндері жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Синоптиктер мәліметінше,  күндіз ауа температурасы 28-33°С-қа дейін, кей жерлерде 35-38°С дейін ысиды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр