Норвегия бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялады
Норвегия бокс федерациясы ресейлік спортшылардың қатысуына байланысты 2023 жылғы бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялау туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

Бойкот тек боксшылар тарапынан ғана емес, төрешілер мен басқа да шенеуніктер тарапынан болды.
Бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания, Чехия, Ирландия, Швеция және Канада да турнирлерге бойкот жариялаған болатын. Ресейден боксшылардың жарыстарға қатысуы себеп болды.
Еске салсақ, Бокстан Германия құрамасы биыл әйелдер мен ерлер арасындағы әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеген болатын. Құраманың ойыннан бас тарту себебі Ресей мен Беларусь спортшыларының қатысуымен байланысты емес. Олар 2024 жылғы Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатындықтан әлем чемпионатына келе алмайтыны атап өтілді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

