Ноғаев "Теңіздегі" жанжалға қатысты: Жұмыс берушілер міндетін атқарудың орнына жұмысшыларды қорқытып отырған

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ірі мұнай компания  мердігерлерімен жиналыс өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ноғаев

Атырау облысының әкімі Теңіз вахталық қалашығындағы оқиға еңбек жағдайының барлығына бірдей болмағанының салдарынан туындағанын, сондықтан ТШО мен мердігер мекемелер жағдайды түбегейлі өзгертуге күш салулары керек екенін атап өтті.

"Еңбекақы айырмашылығы туралы шағым көп. Жалақы, жұмысшыларды үстеме жұмыстарға тартқаны үшін төленетін ақылардың уақыттары кешіктіріледі. Мереке, демалыс күндері істеген жұмыстар үшін пайдаланылмаған күндерге өтемақы төлеу уақыты бұзылады. Жұмыс күні кестесін өздері белгілейтін деректер бар. Теңіз жобасында мердігер мекемелердің бірінің басшысы күн сайынғы жұмыс күнін өз бетімен 4 сағатқа көбейткен, ұжымның наразылығы мен еңбек инспекциясына шағымдануынан кейін жағдай қалыпқа келді. Көпшілігі жұмыс берушінің заңсыз әрекетін, еңбек кодексінің талабына сәйкессіздікті ашып айтуға қорқады. Жұмыс беруші қандайда болмасын себеп тауып, жұмыстан шығарып жіберетінін айтып қорқытады. Мұндай деректер бар", - деді Нұрлан Ноғаев.

Ноғаев

Күзет фирмасының өкілдері нысандарда қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау бойынша тікелей қызметтік міндеттемелерін орындаудың орнына жұмысшыларды қорқытумен айналысқан деректер бар. Шағым айтқан жұмысшыдан құтылудың түрлі құйтырқы әрекеттерін жасаған фактілер де бар.

"Бұл әрине адамды ашындыратын, тіпті дау-жанжалға әкелетін жағдай. Сіздердің міндеттеріңіз осындай жағдайлардың алдын алу", - деді әкім. 

Облыс әкімі қазіргі еңбек жағдайы мердігер мекемелердегі жұмысшылардың көпшілігін қанағаттандырмайтынын атап өтті.

"Шағым өте көп, құрметті жұмыс берушілер, бұрын бұл жағдай қалыпты болып келсе, енді өзгертетін уақыт жетті. Мемлекет басшысының бірдей жұмыс істейтін мамандардың азаматтығына қарамай бір мөлшерде лайықты еңбекақы төлеу жөнінде тапсырмасы бар. Иә, белгілі бір қызметтік иерархияға келісемін, барлығын теңестіруге болмайды, бірақ әділдік болуы тиіс. Бір ұжымда бірдей жұмыс істеген екі адамның бірі 300 доллар, екіншісі 3000 доллар алмауы керек, адамдар көріп отыр. Көпшілігі мұны істеген жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне адал ақы алмауларымен байланыстырады. Тапсырыс берушілер, ТШО, НСОС немесе басқа ірі компаниялар болсын өз тараптарынан еңбекақыны әділ төлеп отырғандарын айтады, бірақ соңында бәрібір белгілі болып қалады. Жұмысшының қолына ең соңында шамалы тиын-тебен түседі, сосын ол өзімен бірдей жұмыс істеген шетел азаматының еңбекақысын көріп, мен неге зардап шегуім керек деген сауал қояды", - деді әкім.

Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы органдар барлық еңбекақыны көтеруге міндеттемейтінін, компаниялардың өндірістік міндеттемелерін шешпейтінін атап өтті.

"Мен сіздердің алдарыңызға еңбек кодексінің, еліміздегі барлық заңдардың, соның ішінде көші-қон заңнамасының бұзылуына жол бермеу міндетін қоямын. Адал, қолайлы жағдай барлық жұмысшыларға жасалуы керек. Біз өз тарапымыздан сіздердің бастамаларыңызды күтіп отырмаймыз, жұмыс істейміз, егер жағдайды өз еріктеріңізбен өзгерткілеріңіз келмесе, заңға сәйкес әрекет етуге күшіміз жетеді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік ететін ведомствоаралық комиссия барлық мәселелерді қарап, олардың шешілуін бақылауда ұстайды", - деді жиналғандарға аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 29 маусымы күні сағат 11:00 шамасында «Тенгизшевройл» вахталық шағын ауданында Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР) компаниясының қызметкерлері жұмыс учаскесіне шығып, наразылық білдірді. Оқиға орнына тиісті органдар мен әкімдер барды. Кейін көтерілістің жұмыс теңсіздігіне байланысты туындағаны белгілі болды. 


Қазақтар өзін екінші сұрыптағы адам сезінеді: "Теңіз" кен орнындағы жанжалға не себеп болды
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр