AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Николаев қаласын атқылау кезінде Forbes тізіміндегі украиналық кәсіпкер мен әйелі қаза тапты

"Нибулон" ауылшаруашылық фирмасының негізін қалаушы Алексей Вадатурский мен оның жұбайы Раиса Вадатурская 31 шілдеге қараған түні  орыс әскерлерінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Украинскую правда" басылымына сілтеме жасап.

Алексей Вородутский

Ресейдің снаряды Алексей Вадатурскийдің үйіне түскен.

“Алексей Афанасьевич Николай облысы үшін, Украина үшін көп еңбек сіңірді. Оның ауыл шаруашылығы мен кеме жасау өнеркәсібінің дамуына, өңірдің өркендеуіне қосқан үлесі ұшан-теңіз”, –  деді облыс әкімшілігінің басшысы Виталий Ким.



Вадатурский 74 жаста болатын. Украиналық Forbes мәліметтері бойынша, 2021 жылы "Нибулон" кірісі бойынша Украинадағы үшінші ауылшаруашылық компаниясының қатарында болды. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және экспорттаумен, сондай-ақ кеме жасау және тасымалдаумен айналысады.

Вадатурский 430 миллион доллар байлығымен ең бай украиндар тізімінде 24-ші орында тұрады. 2007 жылы ол Украина Батыры атағын алды.

Николаев облысы билігінің таратқан мәліметі бойынша, 31 шілдеге қараған түні аймақ жаппай атқылауға ұшырап, соның салдарынан тұрғын үйлер, қонақүй, спорт кешені және екі оқу орны зақымданған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр