Ақтөбеде лицензия беру үшін кәсіпкерден пара алған санэпидембақылау шенеуніктеріне 35 миллион теңге айыппұл салынды

Фото: iStock
Ақтөбеде санэпидембақылау шенеуніктері азаматтардан еш кедергісіз лицензия беру үшін пара алған. Оларға қомақты көлемде айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Істі №2 қалалық сот қарады. Облыстық департамент басшысы Шағалбаев пен оның орынбасары Досжанов және іс материалдарына сәйкес, оларға пара берген кәсіпкер айыпталып отыр.
"28 қаңтарда мемлекеттік қызметкерлер сөз байласып, дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін жүзеге асыруға лицензияны кедергісіз бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 1 миллион теңге көлемінде пара алғаны анықталды", – делінген хабарламада.
Сотталушыларға мемлекеттік қызметте, соттарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. Сонымен қатар, 20-дан 35 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салынды.
"Өз жолын өзі қирататындай әрекетке барады деу логика сыймайды": Федерация президенті Жәнібек Әлімханұлының ендігі тағдыры не болатынын айтты
Рахимжан Ерденбеков: "23 қаңтардағы жиын сот емес, эмоциялық пікірталас та емес"
Қазақ халқының қандай тарихи жарақаттары бар және олар шынымен де бізге әсер ете ме?
Тарихи жарақатымызды басқа ұлттан көрмеуіміз керек