Skype 2025 жылдың мамыр айынан бастап жұмысын тоқтатады
Танымал видео және дауыстық қоңыраулар қызметі Skype 2025 жылдың мамыр айынан бастап жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі XDA Developers басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Getty Images
Microsoft компаниясы соңғы бағдарламалық жаңартуларында пайдаланушыларды Teams қызметіне көшуге шақырған.
"Мамыр айынан бастап Skype қолжетімсіз болады", – делінген мәлімдемеде.
Skype 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Microsoft компаниясы оны 2011 жылы сатып алған. 2017 жылы компания Teams бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама Skype қызметіне ұқсайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген