Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуроодақ елшісі қазақстандықтар үшін виза беруді жеңілдету туралы айтты

Еуроодақ елшісі Алешка Симкич қазақстандық азаматтар үшін визаларды жеңілдетуді талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Орталық Азия форумында Алешка Симкич Еуроодақ қазақстандықтардың тәжірибесіне қолжетімділікті кеңейтуге мүдделі екенін алға тартты.

"Еуропа елдерінің тәжірибесіне жол ашу және оған қол жеткізу – Еуроодақ үшін маңызды мақсат. Әрине, виза беру мәселесі жеңілдетілуі керек. Қазақстан визалық режимді жеңілдетуге үлкен қызығушылық танытып отыр. Біз бұл мәселе жөнінде жұмыс істеп жатырмыз", – деді Симкич. 



Ол қатысушы елдер процесті жеделдету үшін келісімге келе алатынын айтты. Дегенмен сұрақ біраз уақытты алатындықтан Симкич әлі нақты мерзімдерді атай алмайды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Қаңтар, 2025 14:06