Ақтауда 1 жасар бала ваннаға шомылу кезінде көз жұмды
Ақтауда 1 жасар бала ваннаға шомылу кезінде көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Қайғылы оқиға 4 қараша күні Ақтау қаласында болған.
Ақпаратты Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі растады.
Өлімнің себептері әлі белгісіз.
"29-шы шағын аудандағы №3 үйден 4 қараша күні сағат 22:38-де бір жасар баланың жағдайына байланысты қоңырау түскен. Шамамен 15-20 минут бұрын бала су толтырылған ваннада шомылған. Сәби жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған", – делінген Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салсақ, осыған дейін Астанадағы мектептердің бірінде мейіргер 8 жасар оқушыға 8 дана антибиотикті қинап ішкізгенін жазғанбыз.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады