Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаңбыр жауып, жел күшейеді": Синоптиктер ел аймақтары бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет Қазақстан бойынша 13-15 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік атлантикалық циклоны соғады.  

Еліміздің көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады. 13 тамызда солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Ал 14-16 тамызда батыста, солтүсті-батыста, солтүстікте жауын күтіледі. Қазақстанның барлық аймағында жел күшейеді деп күтілуде. 



Еліміздің оңтүстігі мен шығысында күндізгі уақытта +35+38°С қатты ыстық күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында термометрлердің бағандары +18+26°С-тан +22+33°С-қа дейін ауытқиды.

Талқылау