Оралда 84 жастағы Volkswagen жүргізушісі апатқа ұшырады
Орал маңында қанды жол апаты орын алды. Toyota мен Volkswagen көліктері соқтығысып, екі жүргізуші қаза қапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнежазбадан скриншот
Жүргізушілердің бірі 84 жаста еді.
Апат Орал-Тасқала тасжолының 8-шақырымында түн ортасында болды. Toyota-ны басқарған 46 жастағы ер адам мен Volkswagen-ді жүргізген 84 жастағы жүргізуші көз жұмды.
Жедел жәрдем облыстық ауруханаға төрт жолаушыны алып кетті. Олардың екеуі ауыр жағдайда, үшіншісі травматологияда. 66 жастағы төртінші жолаушы үйіне емделуге жіберілді.
“Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда. Осыған байланысты мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға шақырамыз”, – деп мәлімдеді Орал қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Еламан Валиев.
Талқылау