Қарағандыда қатты жел ойын алаңындағы көгалды жұлып әкетіп, екі бала зардап шекті
Қарағанды облысында қатты екпінді желден ұшқан екі балалар алаңқайында жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен балалардың қазіргі жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарынан сегіз және тоғыз жастағы екі бала медициналық мекемелерге жатқызылған. Олардың бірі ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр.
"Профессор Мақажанов атындағы емханаға ауыр бас-ми жарақатымен 2015 жылы туған бала жеткізілді. Маңдай сүйектерінің сынуы, бас сүйегінің және білек сүйектерінің сынуы диагнозы қойылған. Ол жансақтау бөлімінде. Ал Облыстық балалар клиникалық ауруханасына бас миының шайқалуымен және іштің алдыңғы қабырғасының көгеруімен 2014 жылы туған бала жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. хабарлады.
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, балалар жарақат алған ойын алаңы әлі пайдалануға берілген жоқ.
"Бүгін екпінді жел "Голубые пруды" шағын ауданында көгалды жұлып әкетті. Екі бала зардап шекті, олар қазір ауруханада, тексерулер жүргізілуде. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Мердігер ұйымдастыру жұмыстарын бастады. Мұндай ауа-райында ата-аналардан балаларды көшеге қараусыз жібермеулерін сұраймын. Мен екі аудан әкіміне тапсырма бердім", - деді Мейрам Қожухов.
"Акушерьге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады